ruen

Орналасқан жері

Жайық өзені Атырау қаласын Азия жағы мен Еуропа жағы деп танымал болған екі жаққа бөліп тұр. Біздің қонақ үйіміз қаланың Азия жағында орналасқан. Атырау қаласының Халықаралық әуежайы қонақ үйден 14 шақырым жерде.

Тұру жағдайы: Қонақ үй жақсы жабдықталған 76 бөлмесі бар тұруға арналған жылы әрі жайлы орын. Әрбір бөлмеде бірге қосылған жуынатын бөлме мен әжетхана, спутникті теледидар, ауа салқындататын жүйе, тоңазытқыш, шай мен кофе даярлайтын аспап-құрал мен қалалық телефон бар. Темекі шекпейтін қонақтарға арналған бөлмелер ұсынылады. Барлар жәнемен мейрамханалар.

Барлар мен мейрамханалар

Біздің ‘East West’ мейрамханамыз ас мәзірі бойынша тағамдар мен сусындарды, сондай-ақ таңертеңгі, түскі және кешкі асқа ‘швед үстелін’ ұсынады. Біздің салон-барымыз тамақтың түр-түрін, сондай-ақ түрлі шараптарды, сыраның жергілікті және импорттық түрлері мен сусындарды ұсынады. Қонақ үйдің инфрақұрылымына қосымша меймандар «Шағала» аумағына жақын жерде орналасқан Атырау қаласындағы үздік дәмханалар мен барларда уақыт өткізе алады. O’Neill’s Pub сыраханасы – бұл өзінің меймандарына тамаша тамақ мәзірі мен ішімдіктерді ұсынатын нағыз ирландық «паб». «Petrovski» өзінің еуропалық кафе деңгейіндегі қызу атмосферасымен және буға пісірілген көкөністер мен пасталардан бастап гамбургерлер мен пиццаға дейінгі тағамдар кіретін тамаша мәзірімен белгілі. (Түстенуге ертерек келіңіз, өйткені бұл мезгілде кафеде адам көп болады).

Демалу және бос уақытты өткізу: Тренажерлық жаттығу залы, сауна, түрік моншасы мен ашық жүзу бассейні бар.

Қонақтарға көрсетілетін қызмет: автокөлік тұрағы, кір жуу, көпшілік пайдаланатын жайларда WiFі сымсыз интернеті, валюта ауыстыру бюросы мен «ресепшндегі» сейфтер.

Демалу менжәне бос уақытты өткізу

Тренажерлық жаттығу залы, сауна, джакуззи және түрік моншасы

Қонақтарға көрсетілетін қызмет

Автокөлік тұрағы, көпшілік пайдаланатын жайларда WiFі сымсыз интернеті.

Мекенжайы

060000, Қазақстан, Атырау қ., К. Исмағұлов к-сі, 1 үй
Тел : +7 (7122) 760 100
Факс: +7 (7122) 760 101
Email: reservation.atyrau@chagalagroup.kz