ruen

Орналасқан жері

Біздің жаңадан ашылған (2010 жылы) апарт-отеліміз қала орталығына жақын және теңіз жағасынан бір квартал қашықтықта орналасқан. Ақтау әуежайы қонақ үйден шығысқа қарай 20 шақырымдық жерде.

Тұру жағдайы

2010 жылдың наурызында жаңа салынып ашылған, қонақ үй қызметі көрсетілетін «Шағала» апартаменттері Ақтау қаласы үшін ерекше болып табылады. Бұл ұзақ мерзім бойы тұратын меймандар немесе бизнес жөніндегі кездесулерге жайлы мекенді қажет ететін іссапармен келген адамдар үшін жеке тұрғыдағы айрықша мекен-жай.

Көрсетілетін қызметтер мен жиһаз-жабдықтар

Апартаменттердің барлығы кең әрі жайлы жабдықталған, мұнда қонақ күтетін бөлме мен асхана, сондай-ақ жақсы ойлап салынған жуынатын бөлме мен ас үйі бар. Бұған қоса әрбір люкс бөлмесі (қонақ күтетін және жатын бөлмелері бар орын):

  • спутникті теледидармен
  • бөлменің ішіндегі сейфтермен жабдықталған.

Сонымен бірге біздің апартаменттерімізде меймандардың жайлылығы үшін төмендегідей қызметтер көрсетіледі:

  • апартаменттерде тәулік бойы қызмет көрсететін күзет пен ‘ресепшн’ жүйесі;
  • жайлы вестибюль мен күту залы;
  • күн сайын тазалау және жинау қызметі;
  • кір жуу қызметі;
  • қай кезде болмасын бірнеше тілде сөйлейтін көмек көрсетуге даяр қызметкерлер.

Бар және мейрамхана

Біздің ‘East West’ мейрамханамыз ас мәзірі бойынша тәңертеңгі, түскі және кешкі асқа тағамдар мен сусындарды ұсынады. Біздің ас мәзірімізге еуропалық және халықаралық үздік тағамдар қосылған. Біздің салон-барымыз сонымен бірге ас мәзірінде бар түрлі сусындарды, сондай-ақ жеңіл тағамдарды және салаттар мен балық, ет және теңіз өнімдері қосылған жеңіл тамақтар ұсынады.

Кездесулер мен банкеттер өткізу

Заманауи түрде мәжіліс өткізуге жабдықталған біздің мәжіліс залымыз арнайы іс-шара өткізуге тамаша табылған орын. Сондай-ақ арнайы мұқтажыңызға сәйкес жекеше түрде түскі ас даярланады немесе басқа жиындар өткізіледі, және де сіздің талғамыңыз бен бюджетіңізге қарай ас мәзірі әзірленеді.

Қонақтарға көрсетілетін қызмет

Автокөлік тұрағы, көпшілік пайдаланатын жайларда WiFі сымсыз интернеті.

Мекенжайы

130000, Қазақстан, Ақтау қ., 1-ші ықшамаудан
Тел : +7 7292 515 510
Факс: +7 7292 515 505
Email: reservation.atyrau@chagalagroup.kz