ruen

7 мыңға жуық тұрғыны бар Баутин кенті солтүстік Каспийдің қазақстандық секторындағы теңіз мұнай өндірісінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау базасы ретінде қызмет атқарады. «Шағала» аумағына Баутин кентіндегі «Шағала» қонақ үйі мен біздің вахталық қалашығымыздағы 170 адамдық эксперименттік жатақхана кіреді. Қазіргі таңда Баутин кентіндегі «Шағала» қонақ үйінде 147 қонақ қабылдайтын бөлме, жаңа мейрамхана мен тренажерлық жаттығу залы бар.