ruen

«Шағала» 1994 жылы құрылған, 1995 жылы өзінің бірінші қонақ үйін Атырау қаласында (Қазақстанның батысында) ашты. Содан бері компания едәуір өсті, қазіргі таңда тек өзінің қонақ үйлерімен емес, сонымен қатар, қонақ үй қызметін көрсететін ұзақ мерзімде тұруға арналған апартаменттерімен, жоғары сапалы кеңсе жайларымен, демалуды ұйымдастыратын орындарымен, бірқатар мейрамханасы және барларымен, сондай-ақ шалғай жердегі мұнай мен газ өндіріліп жатқан аймақта тамақтандыру қызметі ұйымдастырылған вахталық қалашықтарымен мақтана алады.

Лондон қор биржасына трейдинг жасау үшін 2007 жылы қабылданғанда, «Шағала» құнды қағаздар ашық рыногында акциялары айналатын компания болды. Содан бері «Шағала» одан да көп жоғарылауға қол жеткізіп, казіргі таңда өзі ең жақсы білетін ел аймақтарында бұдан да зор жоспарлар қарастыруда.