ruen

Компанияның қызметіне шолу

Қазіргі таңда әлемдегі барлау және өндіру бойынша ең ірі аймақтардың бірі болып тұрақты орныққан Каспий секторында жұмыс жасайтын мұнай мен газ өндіретін Қазақстанның компанияларына және оларға қызмет көрсететін провайдерлерге бағдарланған «Шағала Групп» компаниясы арнаулы қызмет пен қонақ үй қызметінің провайдері болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның Каспий бөлігінде мұнай мен газ өндіруге араласып жүрген барлық алпауыт компанияларға «Шағала» қонақ үйінде және тұрғын үй-жайларында тұру және жалға беру қызметін, оған серіктес мейрамхана қызметін, демалуды ұйымдастыру, тасымалдау, қоймаларды жалға беру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін көрсетеді.

Елге шолу жасау

Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие, ол атамұрасы өте бай мемлекет болып табылады, Қазақстан Орта Азияда тамаша өркендеу үшін мүмкіндік беретін аса қолайлы аумақта орналасқан.

Қазақстан табиғи ресурстарға бай. Әлемдегі ең ірі кен орындарының кейбірі Қазақстанда және оған жақын аймақта табылған, соның ішінде – соңғы 40 жылда ашылған ең ірі коммерциялық кен орны болып саналатын Каспийдің Қазақстан секторындағы күрделі Қашаған кен орны. Елдің батыс өлкесіндегі Қашаған сияқты Қазақстанның игеріліп жатқан басты мұнай қорлары мен жобаларының көбін «Шағаланың» даму тарихы қамтиды.

Рынокқа шжолу жасау

Қазақстан экономикасы

Қазақстан Үкіметі 1991 жылы егемендік жарияланғаннан кейін тұрақты және елеулі өркендеуге қол жеткізуге көмек болған реформаларды өткізді. Әлемдік қаржы дағдарысы өз әсерін Қазақстанға да тигізді, бірақ 2009 жылдың аяғына қарай нығайған шикізат тауарларының бағалары сүйемел болған экономикада қайта өсу басталды. 2010 жылы ішкі жалпы өнім 2009 жылдағы 1 %-дан 7 %-ға өсті, сөйтіп Қазақстан теңгесі тұрақталды. Экономиканың нақты секторындағы жағымды үрдіс инвесторлардың сенімін өсірді, басты салалардың түсімділігін көтерді және отандық сұранысты арттырды.

Қазақстанның мұнай мен газ өндірісі жақын арада ірі мұнай шығарушы ретінде Қазақстанды танытатын, қазіргі кезде игеріліп жатқан Каспий аймағының құрлықта да, теңізде де жайғасқан, барынша көп өндіруге болатын мұнай қорлары мен кен орындарына Қазақстан ие. Каспий аймағы, соның ішінде Батыс Қазақстан – Батыс Африка және Таяу Шығыспен бәсекеге түсетін дүние жүзіндегі көмірсутегілерін өндіретін басты үш ‘қызу’ аймақтың бірі болып табылады. Соңғы жеті жылда Қазақстанда мұнай өнімі екі еседен артық өсіп, 2010 жылы күніне 1.71 миллион баррельді құрады.

Өнім шығаратын басты кен орындарына күніне жалпы есеппен 1 миллион баррель үлесі бар Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл кендері, сондай-ақ CNPC-Ақтөбемұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз кен орындары кіреді. Тек үш басты кен орнының, құрлықтағы Қарашығанақ пен Теңіз, теңіздегі Қашаған, өнімі 2020 жылға қарай күніне 3-3.5 миллион баррельге дейін көбейеді деп болжанады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір жылғы мұнай өндіруді екі есе көбейтуді – 1.2 миллиард баррельден астам – сөйтіп әлемдегі мұнай өндіретін алғашқы бес мемлекеттің қатарына қосылу туралы асқақ жоспарларын жария етті.